Алматыда Жеңістің 65 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 7-сі күні «Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісі және қазіргі кезең» деп аталатын ғылыми-теориялық конференция өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Алматы қалалық ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы және Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті бірігіп ұйымдастыып отыр. Бұл шараға Кеңес одағының батырлары Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов және Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Владислав Мещанинов, Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы атташесі доктор Сабхи әл-Сухаймимен тағы басқа да құрметті меймандар қатысады деп жоспарланып отыр.

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен кейін 3 секция бойынша жүргізілмек. Олар - «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естеліктері», « Қазіргі кездегі аймақтық соғыстардың өзекті мәселелері», «Ұлы Жеңістің әлеуметтік-саяси аспектілері» деп аталады, дейді ҚазҰПУ-дың ақпарат-баспа орталығының директоры Мырзахан Ахметов.

Соңғы жаңалықтар