Алматыда Жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 29 ақпанда Алматы әкімінің өкімімен Жер қатынастары басқармасының басшысы Құрмашев Ержан Саинұлы жұмыстан босатылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда Жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оның орнына басшының міндетін атқарушы болып бұрынғы орынбасар Құлболдынов Нұрлан тағайындалды.

Құлболдынов Нұрлан 1964 жылы Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын тәмамдаған.

1986 1990 жж. - «Казводоканалпроект» МКК, инженер;

1990 1992 гг. - «Семиречье» бірлестігінің №7 кооперативінде, шебер;

1992 1993 гг. - МП «Вислат», өндіріс басшысы;

1994 1997 гг. Алматы қалалық жер қатынастары басқармасында бас жер бөлуші

1997 1998 гг. - «Алматыгеокад» ЖШС, Алмалы аудандық жерге меншікті рәсімдеу бөлімінің басшысы

1998 2002 гг. Алмалы аудандық әкімдігі аппаратында бөлім меңгерушісі

2006 2009 гг. - Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы РМК, директордың бірінші орынбасары

2009 жылдан қазірге дейін Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының бірінші орынбасары