Алматыда «Жер сағаты» акциясы аясында бірқатар ғимараттардың жарық көздері сөндіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың 19 наурызында «Жер сағаты» акциясы аясында бірқатар шаралар өткізіледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда «Жер сағаты» акциясы аясында бірқатар ғимараттардың жарық көздері сөндіріледі

«Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Көктөбе мұнарасындағы, «Сұнқар» шаңғы трамплиндері кешеніндегі, Республика алаңындағы нысандардың, әл Фараби даңғылы бойындағы Халық банкі, «Билайн Казахстан» компаниясы мен «Технодом» дүкендерінің жарық көздері өшіріледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 19 наурыз күні кешкі сағат 20:15-те Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің бойында велошеру өткізіліп, «Алмалы» сауда ойын-сайық кешені алдында мәреге жетеді.

Ал, сағат 21:00-де «Алмалы» сауда ойын-сайық кешені алдындағы алаңда флешмоб пен түрлі конкурстар болады.

Шараларды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Велоқоғамдастығы ұйымдастырады.