Алматыда жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат / Серік Қойбағаров/ - Сәуірдің 19-ы күні жергілікті уақыт сағат 10.08-де Алматы мен қала төңірегіндегі аймақта жерасты дүмпулері сезілді.
Сейсмология институтының ақпараты бойынша, күші 2-3 баллды құраған жер сілкінісінің кіндігі қырғыз-қытай шекарасында болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен қираулар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.