Алматыда жер сілкінісін болжайтын «Атропатена» халықаралық жүйесі таныстырылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін екі күннен бері өтіп жатқан «Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты ғылыми-техникалық отырысы барысында жер сілкінісін болжайтын халықаралық «Атропатена»жүйесі таныстырылды,

Алматыда жер сілкінісін болжайтын «Атропатена» халықаралық жүйесі таныстырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырып жатқан шараның мақсаты - Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздіктің алдын-алу, жер сілкінісін болжайтын жаңа технологияларды енгізу, құрылыс саласына жаңа технологияларды пайдалану. Осы бағытта таныстырылған «Атропатена» жүйесі жер сілкінісін болжауға арналған, Әзірбайжан, Пәкістан, Индонезияда орналасқан халықаралық жүйені құрайтын бірнеше стансыдан тұрады. Жаңа жабдықты таныстырған әзірбайжандық ғалым, халықаралық ғылым академиясы жанындағы жер сілкінісін болжау және зерттеу институтының жетекшісі Элшин Халиловтың айтуынша, бұл стансының көмегімен 5 балдан жоғары жер сілкіністерін болжауға болады. «Біз стансы көмегімен алынған ақпараттарды зерттеп, Австрияда орналасқан Халықаралық Ғылым Академиясының президиумына жібереміз. Оның қорытындыларын жедел түрде бізбен әріптестік орнатқан әлем елдеріне жібереміз. Бұл жабдықтың болжамдық мүмкіндігі өте жоғары әрі толықтай он-лайн жүйесінде автоматты түрде жұмыс істейді», - дейді Элшин Халилов.