Алматыда жер телімдерін сатып алуға бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жер телімдерін сатып алу үшін республикалық бюджеттен 500 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Алматы қаласының бас жоспарына сәйкес солтүстік бағыттағы негізгі магистральдардағы жүктемені төмендету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі тарапынан Сейфуллин мен Жансүгіров көшелері қиылысында көлік жол айырығын салу туралы шешім қабылданды», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Көлік жол айырығын салу жоспарланған ауданда 259 жер телімі бар, оларды сатып алу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

«2017 жылдың 6 наурызында Алматы қалалық жер қатынастары басқармасымен меншік иелеріне Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданғандығы туралы ескерту мен жер телімдерін сатып алу келісімшартының жобасы жіберілді. Аталған келісімшарт жобасында көрсетілген өтемақы сомасы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының талаптарына толықтай сәйкес келеді», - деп атап өтеді әкімдіктен.

Сонымен қатар әкімдік таратқан ақпаратта келісімшарт жобасында көрсетілген өтемақы сомасы соңғы ұсыныс еместігі хабарланған.

«2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында жер телімдерін сатып алуға 500 млн. теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған. Аталған сома алдын ала бекітіліп отырған қаржы және жер телімдерін алу және өтемақының нақты сомасын айқындау процедурасы, оның ішінде сот тәртібімен де аяқталғаннан кейін бюджет қаржысы өтемақының нақты сомасына сәйкес түзетілетін болады», - деп нақтылады әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар