Алматыда жер телімдерін заңсыз сатумен айналысып жүрген әйел екінші рет қолға түсті

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматы қаласында «Жер ана» риэлторлық компаниясы» жауапкершілігі серіктестігінің директоры, 1949 жылы туған Ардабекова атты азамат әйел 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыда жер телімдерін заңсыз сатумен айналысып жүрген 
әйел  екінші рет қолға түсті
Ол қалада бірнеше адамға жер телімдерін алып беремін деген желеумен азаматтардың 1 миллион 900 мың теңгесі мен 243,5 мың долларын иемденіп кеткен. Бұл мәліметті бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның деректеріне қарағанда, аталмыш әйел 2007 жылы тап осындай қылмыс жасап, сотталған. Алайда оған қатысты жазаның орындалуы баласының 14 жасқа толмауына байланысты кейінге шегерілген.