11:19, 13 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Алматыда жер үй өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жекеменшік сектордағы үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін 10:07-де болған. «13 қыркүйек күні сағат 10:07-де Медеу ауданында Сабыр Шәріпов көшесіндегі өрт шыққан 34-үйге өрт сөндірушілер жөнелтілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында 5 минутта болды. 40 шаршы метр аумақта жекеменшік үй мен жапсарлас орналасқан ғимараттың жанып жатқанын анықтады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дереу өрт оқпандары іске қосылып, автоцистерна гидрантқа 60 метр қашықта орнатылды. Өрт сағат 10:16- да ауыздықталып, 10:22-де сөндірілді. Оқыс оқиғадана ешкім зардап шекпеді. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.