Алматыда жер үйде болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті - ҚР ТЖМ

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жер үйде болған өртте 8 адам ажал құшты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда жер үйде болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті - ҚР ТЖМ

Еске сала кетсек, 17 қазан күні таңертеңгі сағат 4 шамасында Алматының «Алмалы» ауданындағы үш отбасыға арналған жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, үйден шаруашылық құрылыстарға жайылған жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар бұған дейін 6 кісінің өлімі туралы хабарлаған болатын.

ҚР ТЖМ-нан бүгін анықтағандай, өртті сөндіру барысында 8 адамның мәйіті табылды. Олардың тұлғалары анықталу үстінде. Тағы 4 адам, соның ішінде 4 жасар бала аураханаға жеткізілді.

ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 6 техникасы тілсіз жаумен бір сағат бойы күресті.