08:15, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда жер үйде болған өртте 17 жастағы бойжеткен мерт болды, тағы 5 адам аураханаға түсті
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Алматыдағы жер үйлердің бірінде болған өрттің салдарынан 17 жастағы бойжеткен мерт болды, күйік жарақаттарын алған тағы 5 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

90 шаршы метр аумаққа тараған жалынмен ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 20 адамы мен 5 техникасы күресті. Тілсіз жау 2 сағатта ауыздықталды.