Алматыда жер үйде болған өртте 5 адам қаза тапты, 4-еуі ауруханаға түсті
ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде 5 адамның өмірін жалмаған ірі өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт бүгін, сағат 4-тен 14 минут кеткенде Алмалы ауданындағы үш отбасыға арналған жер үйде болды. Алдын ала болжам бойынша, үйдің ішінен шыққан жалын ауладағы шаруашылық құрылыстарға көшкен. Өртке оранған жалпы аумақ 200 шаршы метрді құрады.
ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 6 техникасы тілсіз жаумен бір сағат бойы күресті. Отты сөндіру барысында 5 адамның мәйіті табылды. Қазір олардың тұлғалары анықталу үстінде. Тағы 4 адам, соның ішінде 4 жасар бала ауруханаға жеткізілді.