Алматыда жерасты туннельдері салынбақ
Басқарма басшысының орынбасары Ахмеджанов Алмасхан туннель салудың қымбат болғанмен, жол жөндеуге арналған қаражаттың қысқаруына сеп болатынын баса айтты.
«Біздің жоба, біздің ұсыныс - қалада кешенді туннельдердің схемасын құру. Туннель - құбыр желісі мен кабельдің ұзақ пайдалануына кепілдік береді. 2-3 жыл сайын асфальттауға көп шығын шығармай, капиталдық жолдарды жасауға мүмкіндік ашады»,- деді Алмасхан Ахмеджанов.
Оның айтуынша, бір туннельді салу үшін сол жолдың 5 жылдық қаражаты кетуі мүмкін.
«Біз инженерлік коммуникациялардың қайта салуына көп ақша құртамыз. Туннельді салған кезде жолдың астынан барлық инженерлік тораптарды қызыл сызықтын ар жағына жіберу керек. Жолмен қызыл сызықтын арасы - 8 метр. Бірақ бұл жерде басқа проблема бар. Жерасты суларына байланысты ағаштар жол бойында 2 қатар отырғызылған. Сондықтан біз бір рет асфальтты ашып, ол жаққа туннельды салып, торларды басқа жерге қоюды ұсынудамыз»,- деді ол.
Алмасхан Ахмеджанов туннельдер жайлы идеясын қала әкімі Бауыржан Байбекке айтқан. Қала әкімі оның идеясын қолдап, жүзеге асыру қажеттігін ескерткен.
Ахмеджановтың айтуынша, туннельдердің ішінде видеокамералар орнатылса, автоматты түрде олардың жағдайын бақылап отыруға болады.