Алматыда ЖҚТБ індетіне қарсы күрес айлығы өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда ЖҚТБ орталығы «Көпшіліктің қолжетімділігі және адам құқығы» тақырыбында  өткізілетін  дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес науқаны аясында айлық өткізеді.

Алматыда  ЖҚТБ індетіне қарсы күрес айлығы өтеді

Ол туралы ұйымдастырушылар бүгін болған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара қарашаның 10-ы мен желтоқсанның 10-ы аралығында өтеді.

«Осы айлықтың мақсаты - қоғамның осы індетке қарсы күреске  назарын аудартып,  ақпараттық жұмыстар жүргізе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында орнықты мінез-құлық қалыптастыру. Сонымен қатар, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырмақпыз. Орта және жоғары оқу орындарында спорттық ойындар, ең үздік театрландырылған көріністер, КТК және дөңгелек үстелдер өткізіледі. Қаланың өнеркәсіп орындары мен сауда-саттық орталықтарында радиодәрістер оқылып, әртүрлі үнпарақтар, қорғану заттары таратылады», дейді Алматы ЖҚТБ орталығының эпидемиолог-дәрігері Айнұр Жандыбаева.