Алматыда жоғалған көпбалалы ана табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жоғалып кеткен көпбалалы ананы тапты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Алматыда жоғалған көпбалалы ана табылды

Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 35 жастағы әйел құрбысының үйінен, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында табылды.

«Әйел мас болған. Жеті баласы туралы ойламаған сияқты. Бес күн бойы отбасына неге қоңырау шалмады деген сұраққа телефоны сынып қалғанын айтып ақталды. Бұл себеп емес, жауапсыз адамның қылығы. Бес күн бойы полиция болып, қоғам болып әйелді іздестірген болатын», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.