Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 24 қаңтар күні жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 жастағы жігіт сейсенбі, 24 қаңтарда сағат 14:00 шамасында Әуезов ауданы, Мамыр-4 ықшам ауданы, № 295 үйінен шығып, қайта оралмаған. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған фактіні растады.
«Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Суицидтің себептері анықталуда»,- деп хабаралады ведомстваның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы қаласының Алатау ауданында мектеп оқушысы көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.
Алдын ала мәлімет бойынша 17 жастағы оқушы 13-14 жасар баланы пышақтаған.


Соңғы жаңалықтар