Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен Нуршат Розиев өлі күйінде табылды.
ҚазАқпарат тілшісіне қоғамдық қауіпсіздік кеңесі мүшесі - Ислам Угушевтың хабарлауынша, Нуршат Розиевтің өлі денесі өзеннен табылған.
Айта кетейік, Розиев 3 қыркүйекке қараған түні жоғалып кеткен еді. Оны анасы іздеп полицияға арыз жазған болатын. Ол тұрған үйдің бір бөлігі өртенген. Оның Nissan Primera маркалы көлігі үй ауласынан табылмады.