Алматыда жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған VIII республикалық конференция өтеді

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 12 наурызында Алматы қаласындағы Ғылым Ордасының 9-павильонындағы Концерттік залында Қазақстан Жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша VIII республикалық конференция өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстанның жоғары оқу орындарының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын конференциялардың мақсаты жоғары оқу орындарына арналған кітап өнімдерін ғылыми тұрғыда сараптан өткізіп, дайындау, аудару, басып шығару мәселелерін ортаға салу.

Конференция жұмысына Білім және ғылым вице-министрлігінің өкілдері, ЖОО-лардың ректорлары мен ғалымдары, кітапхана директорлары, баспагерлер, оқу-әдістемелік бөлімдердің мамандары, жаңа шыққан оқулықтардың авторлары мен авторлық ұжымдар, аудармашылар, жалпы зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Конференция барысында тақырыптық баяндамалар жасалып, талқылаулар өтеді.

Конференция аясында 2011-2012 жылдары мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген оқулықтар мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының өз авторлары дайындап шығарған кітаптардың көрмесі және бірқатар үздік оқулық авторлары мен баспа ісін ұйымдастырушыларды марапаттау рәсімі өтеді.

Ұйымдастырылып отырған конференцияның басты ерекшелігі, соңғы кездері еліміздегі жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі сапалық деңгейге көшкендігі болып отыр. Жыл сайын еліміздегі кітапханалық қорлар ғылымның негізгі салалары бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтармен толықтырылып келеді. Соңғы 3 жылда мемлекеттік тілде жазылған 200 түрлі аталымды қамтыған оқулықтар жарыққа шықты. Мұның сыртында үздік шетел ғалымдарының оқулықтары мемлекеттік тілге аударылды.

Соңғы жаңалықтар