Алматыда жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында спартакиада басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қаланың жоғары оқу орындары дене шынықтыру және спорт кафедралары оқытушыларының арасында «Олимпиада-2022» спартакиадасы басталды. Олар спорттың әдеттегіден тыс түрі - боулингтен сайысқа түсті, оған қатысушылар өз шеберлігімен қатар командалық рухты көрсете білуі тиіс.
Ұйымдастырушылар - қалалық жастар саясаты басқармасы өкілдерінің атап өтуінше, спартакиада қысқы Универсиада-2017 мен Алматының 2022 жылғы болатын XXIV қысқы Олимпиада өткізуге өтінімін қолдау шаралары ауқымында өткізілуде.
Бағдарламада сондай-ақ үстел теннисі, мини-футбол, дартс және арқан тарту жарыстары да бар. Бұл спорт түрлері бойынша жарыстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде өтеді. Спартакиада 19 қарашада аяқталады.
Бұл - Алматы үшін жаңа жоба, ол салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында достық спорттық байланыстарды нығайтуы тиіс.