Алматыда жол апатын жасаған полицей жұмыстан шығарылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мас күйде жол апатын жасаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жол апатын жасаған полицей жұмыстан шығарылды - ҚР ІІМ

«Nissan» және «Hyundai» көліктерінің жол-көлік оқиғасы 23 ақпан күні Алматының Жансүгіров көшесі бойында Алматы қалалық полиция департаменті ЖПҚ патрульдік полиция полкі қызметкерінің кінәсінен орын алған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-тармағына (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) сәйкес кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Бүгінгі күні аталған қызметкер полицияда жұмыс істемейді. Полиция департаменті бастығының 23 ақпандағы бұрығымен ол ішкі істер органдарынан шығарылды», - деді Н.Ораз.