Алматыда жол апатына түскен жүкті әйел аман-есен босанды
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға бүгін Райымбек көшесі мен Бөкейханов көшелерінің қиылысында болған. Жедел жәрдем бригадасы перзентханаға дереу жеткізу үшін дабыл белгісін қоса отырып, жолдың қарсы бағытына шыққан.
Ал қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жүктіліктің 39-шы аптасында болған келіншек қатты толғағы қысып, жедел жәрдем шақыртқанын айтты.
«Жолды қарсы бағытына шыққан жедел жәрдем көлігі қарсы келе жатқан көлікке соғылған. Оқиға орнына басқа жедел жәрдем көлігі жіберілді. Жүкті келіншек уақытында перзентханаға жеткізіліп, 15 минут ішінде толғатып, дүниеге қыз баланы әкелді. Қазір сәбидің де, оның анасының да жағдайы жақсы», - деді Денсаулық сақтау басқармасынан.
ІІД-нің айтуынша, аталған жол апаты Жетісу аудандық ІІБ-да тіркелді. Енді қажетті процессуалдық шаралар мен автотехникалық сараптама жасалатын болады.