Алматыда жол апатынан 2 жігіт мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Лексус» пен «Хово» жүк көлігінің соқтығысуының салдарынан екі жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жол апатынан 2 жігіт мерт болды

Жол апаты түнде Бостандық ауданында болған. Розыбакиев көшесімен төмен қарай келе жатқан «Лексус» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «Хово» жүк көлігімен соқтығысады.

Оқиғаның салдарынан 20-21 жас аралығындағы екі жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Ал көлік жүргізушілерінің бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Полиция депаратментінің хабарлауынша, қазір ҚР ҚК 345-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалады.

Фото: «Территория происшествий»