Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақаттанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталық көшесінде ірі жол апаты болып, салдарынан 1 адам ажал құшты, тағы 7-еуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Желтоқсан мен Әйтеке би көшелерінің қиылысында бүгін түнде болды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Әйтеке би көшесімен батысқа бағыт алып келе жатқан «BMW» көлігінің жүргізушісі «Жол бер» белгісін елемей, Желтоқсан көшесімен қиылысатын жолға шығып кеткен. Соның кесірінен сол жақтан келе жатқан «Volkswagen Touareg» және «Renault LOGAN» көліктерімен соқтығысты.

Салдарынан «BMW» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды. «Volkswagen Touareg» пен «Renault LOGAN» көлігіндегі жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді.

«BMW» жүргізушісі ұсталды. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр.

«Оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестріне тіркелді. «BMW»-ның 28 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тергеу ісі барысында сот медициналық-сараптама тағайындалмақ.

Соңғы жаңалықтар