09:38, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан екі адам мерт болды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Маусымның 2-сі күні түнгі сағат 23:00-де, Рысқұлов пен Тілендиев көшелерінің қиылысында «Субару» мен «Мерседес» көліктері соқтысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Субару» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы сол жерде қаза тапты.