Алматыда жол апатынан екі адам жапа шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір-біріне жол бермеген көліктер соғылып, екі адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жол апатынан екі адам жапа шекті

Саин көшесімен шығысқа бағыт алған Камри жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатқан Фольксваген Вентаға жол бермей, бүйірден соққан.
null

Соққыдан көлік жол шетіндегі газонға шығып кеткен.
null

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем Фольксваген Вента көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын ауруханаға алып кетті.
null

Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.

nullnull