Алматыда жол апатынан көлік арыққа түсіп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында жол апаты болып, көліктің бірі арыққа түсіп кетсе, екіншісі ағашқа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматыда жол апатынан көлік арыққа түсіп кетті

null null null   

Жол апаты Құрманғазы мен Шагабудинов көшелерінің қиылысында болған. Тойота көлігі Шагабудинов көшесімен оңтүстік бағыттан, ал «Хюндай» маркалы көлік Құрманғазы көшесімен жүріп келе жатқан. Тойота көлігіндегі әйел адам «жол беру» ережесін елемей, қиылысқа шығып кетіп соғылысқан. Соққыдан Тойота көлігі арыққа түсіп, «Хюндай» көлігі жол шетіндегі ағашқа соғылған. Жол апатынан әйел адам зардап шекті.

null null null  

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.