Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Toyota RAV4 автокөлігіне соғылған мотоциклші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан. 

Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты

Көлік апаты Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Райымбек бойымен шығыс бағытқа бет алған мотоциклші тыйым салынған автобус жолағына түскен. Емцов көшесімен оңтүстікке қарай жылжыған Toyota RAV 4 Райымбек даңғылының қиылысынан сол жаққа бұрылған. Осы сәтте автокөліктің алдыңғы бөлігіне мотоцикл келіп соғылған.

Қатты соққыдан мотоцикл бордюрден әрі ұшып кетіп, жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, 1986 жылы туған мотоцикл жүргізушісі бордюрден алған соққыдан мерт болған.

nullnull