Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек көз жұмды. Белгілі болғандай, танымал актрисамен бірге аталмыш жол апаты салдарынан тағы екі кісі көз жұмған. Бұл туралы  ҚазАқпарат М.Əуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін Алматы қаласында жантүршігерлік оқиға болып, жол апатынан 3 адам көз жұмды. Соның ішінде көптеген тележобалардан көрермендерге таныс кино және театр актрисасы Шолпан Елгезек те бар. Мезгілсіз дүниеден өткен актрисаның туған-туыстарына, жақындарына ұжым атынан қайғырып, көңіл айтамыз», - делінген театрдың ресми парақшасында.

Сонымен қатар, жақында ғана ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған актриса Айзада Сатыбалдиева аталмыш жол апаты салдарынан жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар