00:03, 23 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан төрт адам, соның ішінде бүлдіршін зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы «Ялян» базарының маңында болды.
«Тойота» көлігі Солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытта келе жатқан. Кенеттен оның алдын джип кесіп өткен. Салдарынан «Тойота» қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, "Лада 2109" көлігін бүйірден ұрған.
Соққыдан «Тойота» жолаушылары - қарт ер адам мен бүлдіршін, Жигулидің жүргізушісі мен жолаушысы жараланды.
Жедел жәрдем зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.