Алматыда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда болған жол апатының салдарынан жүкті әйелді ауруханаға жеткізу қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

Оқиға Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болды. «Хонда» маркілі көлігі Жансүгіров көшесінен солтүстікке қарай бет алған, «Тойота» көлігі Жансүгіров көшесінің бойымен оңтүстікке қарай жылжып бара жатқан. «Тойота» Жұмабаев көшесінен солға бұрылмақ болған, сол сәтте «Хонда» оны бүйірінен соққан. Соққыдан «Тойота» айналып келіп, Жұмабаев көшесінен батысқа қарай бет алып бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған «Киа» көлігіне соқтығысқан.

«Хонда» көлігінде отырып зардап шеккен әйелді ауруханаға жеткізу қажет болды. Кешірек осы көліктің жүргізушісін де жедел жәрдем көлігі алып кетті.