21:41, 25 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Алматыда жол апатында егде жастағы жүргізуші көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатында зардап шеккен Volkswagen Passat көлігінің 66 жастағы жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты Солтүстік айналма жолында болған. Оңтүстікке бағыт алған Volkswagen Passat жүргізушісі қарама-қарсы бағытта көліктің бар-жоғына көз жеткізбей бұрылған. Сол кезде оған Honda келіп соғылады.
Қатты соққы салдарынан жапондық көлік жол шетіне шығып кетіп, ағаштарға соғылды.
Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Медициналық көмек көрсетілген Honda жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жатудан бас тартты.
Ал, ауруханаға жеткізілген Volkswagen көлігінің 66 жастағы жүргізушісі көз жұмғаны белгілі болды