Алматыда «Жол картасын» іске асыру бойынша семинар болып өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Аймақтық еңбекпен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыруға бар күшті жұмылдыруымыз керек.
None
None
Мысалы, Алматыда 6 254 әлеуметтік жұмыс орындары құрылмақшы, олардың еңбегіне ақы төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен 561,6 млн.теңге бөлінді. Жастар практикасына бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарының 4 428 түлектері қатыса алады. Бұл жөнінде мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында «Жол картасын» іске асыру бойынша Алмалы ауданында өткен семинарда Алматы қаласы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Жанат Мұрынова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семинар өндірістік және сауда кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының басшыларына, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдеріне арналып ұйымдастырылды. Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП Алмалы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Братенков қатысты.
Соңғы жаңалықтар