Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының хабарлауынша, 2020 жылғы 23 қараша күні сағат 08:00-ден 2020 жылғы 3 желтоқсан сағат 08:00-ге дейін Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол жартылай жабылады. Уақытша шектеулер осы сегменттің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырларды жоспарлы ауыстыру үшін енгізіледі.