08:12, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Алматыда жол-көлік апатында 1 адам қаза болып, 8-і ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні, сағат 19.01-де Алматы қаласының Алатау ауданындағы Абай көшесінде бағдарлық «Мерседес» шағын автобусы мен «Мерседес» көлігі соқтығысты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізушісі мен шағын автобустың 6 жолаушысы ауруханаға жеткізілді, 29 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.