Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан әйел адам көз жұмды
АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда кеше түнде «Ниссан Циферо» автокөлігі «Мицубиси Монтеро Спорт» машинасымен соқтығысып қалды,
деп хабарлайды қаланың ІД баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, «Мицубиси Монтеро Спорт» көлігінің жүргізушісі рөлге мас күйінде отырған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1976 жылы туған әйел қаза болды және 6 адам, соның ішінде бір бала зардап шекті.
Оқиғаның орын алуына себепкер болған айыпты да ауруханаға жеткізілді. 296-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, оған қоса 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру).