Алматыда жол қозғалысын бұзған жүргізушісі жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарында заңсыздыққа жол берген «Toyota Camry» жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жол қозғалысын бұзған жүргізушісі жазаланды

Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін тіркеген видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Құқық бұзушы 21 жастағы азамат болып шықты. Ол жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 595-баптың, 1-бөлігі, 602-баптың, 1-1 бөлігі, 606-баптың 1-бөлігі және 620-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған қатысты сегіз электрондық хаттама толтырылды»,- деді Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, екінші көліктің жүргізушісіне қатысты тексеру жалғасып жатыр.