Алматыда жол полициясы жолаушылар тасымалдау автокөліктеріндегі апатты жағдайлардың алдын алу үшін кезекті «Автобус» іс-шарасын бастады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда жол полициясы жолаушылар тасымсалдау автокөліктеріндегі апатты жағдайлардың алдын-алу мақсатында 5-ші  «Автобус» іс-шарасы басталды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Желтоқсаның 27-сіне дейін созылатын бұл шараға жол полициясы басқармасының  барлық жеке құрамы жұмылдырылуда. Қазіргі таңда Алматы қаласында 12 мыңнан астам автобус көліктері тіркелді. Олардың басым бөлігі  қала көшелерінде күнделікті қозғалыста жол қауіпсіздігі ережелерін бұзады. Бұл іс-шара кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және ұйымдастыруын реттейтін нормативті құқықтық актілерді орындамауы, автобус жүргізушілерінің төмен тәртібі мен мамандықтарының сай келмеуі, еңбек пен демалыстың тәртібін бұзу сияқты жәйттерге баса назар аударылады. Өйткені көршілес мемлекеттерден келетін  жүргізушілердің көбісі өз мамандықтарын жете білмеуінен жол қауіпсіздігінде апатты  жағдайларды туындатуда»,  дейді Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұқан Досымбаев. Полиция полковнигінің айтуынша, өткен 11 айдың ішінде  қалада   жолаушылар автокөліктердің қатысуымен 136 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның кейбірі қайғылы жағдаймен аяқталды. Жалпы  «Автобус» іс-шарасы бұған дейін 4 рет өтіп, онда  жол қозғалысы ережесін бұзудың   6 мыңнан аса фактісі тіркелді. Сондай-ақ автобусты мас күйінде басқарған 45 жүргізуші ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар