Алматыда жол жиегінде тұрған екі адамды көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол бойында такси тоқтатып тұрған екі адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Audi көлігінің жүргізушісі бұрылыста рульге ие бола алмай қалып, жолдың жиегінде машина тоқтатып тұрған екі адамды қағып кеткен. Жүргізуші көлігі неліктен кенет істен шыққанын түсіндіре алмады. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, екіншісін ауыр халде жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар