Алматыда жол жиегінен алынған ескі бордюрлер қайта қолданылатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жол жиегінен алынған ескі бордюрлар қаладағы аудандарды абаттандыру үшін қолданылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдарды орташа және күрделі жөндеу кезінде жарамсыз болып қалған бордюрлар бөлшектеледі. Ескі бордюрлардың басым бөлігі қайта пайдаланылады. Мәселен, «Айнабұлақ-1» және «Көкмайса «шағынаудандарында өзен арқылы өтетін көпірдің жан-жағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ескі бордюрлерді сол жерде қолдандық. Жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін тротуар салынып, плиталар орнатылды. Жұмыс барысында Қазаков және Гончарова көшелерін орташа жөндеу кезінде бөлшектелген 700 бордюр қолданылды. Сондай-ақ, қала алаңдарынан алынып тасталған ескі тротуар плиталары да қайта қолданылады»,–деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, қалада бордюрлер бұзылған кезде ауыстырылады. Жарамсыз болып қалған бордюрлер жойылады.

2020 жылы мегаполисте ұзындығы 200 шақырым болатын 283 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 25-де бордюрлер ауыстырылады.


Соңғы жаңалықтар
telegram