Алматыда жолаушылар автобусы 9 жастағы баланың аяғын басып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда жолаушылар автобусы 9 жастағы жасөспірімнің аяғын басып кеткен.
Жетінші арнаның хабарлауынша, оқиға 9 жастағы Борис Мусиннің автобусқа кірген сәтінде орын алған. Автобус орнынан есігін жаппай қозғалған. Осы сәтте ашық есіктен сыртқа қарай құлап кеткен бала, тура дөңгелектің астына түскен.
Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі тез арада жедел жәрдемді шақырудың орнына, өзінің кінәсіз екендігін айтып, ақталумен болған. Сол себептен жедел жәрдемді куәгерлердің өздері шақырған.
«Балаға тез арада ота жасауға тура келді. Көп қан жоғалтқан. Әкелген кезде өте ауыр халде болды - деді балалар клиникалық ауруханасының травматология бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Дархан Сұқбаев.
Зардап шеккен жасөспірімнің туыстарының айтуларынша, олар полиция бөліміне арыз түсірген. Автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартпақ ниетте. Әзірге автобус тіркелген автопарк басшылығы оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.