Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соғылып, 5 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соғылып, 5 адам зардап шекті

Жол апаты болған орыннан түсірілген видео желіде таралды.


Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.