Алматыда жолаушылардың 30%-ы жолақы төлемеуге тырысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының 30%-ы жол ақысын төлемейді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ғани Тәжиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жолаушылардың 30%-ы жолақы төлемеуге тырысады

«Қай жағдайда болмасын жол ақысын төлеген дұрыс. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, жолаушылардың 30%-ы жол ақысын төлемейді. Автобустар толы болған кезде транзакциялар санына қарап орташа статистика шығарамыз. Бізде бақылау-ревизия қызметімен келісімшарт бар. Олар бізге апта сайын есеп беріп тұрады. Байқағанымыздай, жолаушылар көбінесе жұмысқа барарда әрі қайтарда жол ақысын төлемейді», - деді Ғани Тәжиев.

Айта кету керек, Алматыда жолаушыларды тасымалдаумен 14 автопарк айналысады. Олардың 1-еуі ғана коммуналдық меншікте болса, 13-і жекеменшік. Қоғамдық көліктер 122 маршрут бойынша тасымалдайды.