Алматыда жолдарында жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарт – Алматы жолдарында жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жолдарында жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза болды

Алматы қалалық әкімшілік полициясының мәліметінше, жыл басынан бері шаһарда орын алған 933 жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің қатысы болған. Салдарынан 31 адам қаза тапты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың тоғыз айында жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін 9 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды.

«Жыл сайын жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы, ең алдымен, өз қауіпсіздігін ойлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Балалар ата-анасының істегенін қайталайды. Сондықтан үлкендер өздеріне және баласына қауіпсіз орта құру үшін дұрыс үлгі көрсетуі керек. Жаяу жүргіншілерді жолдардағы тәртіпті жақсартуға шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.