Алматыда жолдың жиегінен әскери граната табылды - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жергілікті тұрғындар жолдың жиегінен әскери граната тауып алды,

Алматыда жолдың жиегінен әскери граната табылды - ТЖМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өткен жексенбі күні сағат 13.40-та Әуезов ауданындағы Аханов көшесінде жергілікті тұрғындар жол жиегінен тауып алған зат, арнайы қолға алынған іс-шаралардан кейін, оттықсыз F-1 гранатасы екендігі анықталды.

Нәтижесінде оқиға орнынан 15 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, граната жойылу үшін ҚР Қорғаныс министрлігі 61993 әскери бөлімшесінің өкілдерімен алынды.