Алматыда жөндеу жұмысына байланысты автобустардың маршруты өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты Шаляпин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, автобустардың бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жөндеу жұмысына байланысты автобустардың маршруты өзгереді

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, 14 тамыз сағат 21:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін - күндізгі және түнгі уақытта Шаляпин көшесі бойынша Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс толығымен шектеледі.

Осыған байланысты, автобустардың жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді:

№4 - солтүстік бағытта - Грозный - Қонаев - Яссауи - Шаляпин көшесімен жүреді. Одан кейін схема бойынша;

Кері бағытта - Шаляпин - Яссауи - Қонаев - Рысқұлов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

№15 - оңтүстік бағытта - Әшімов - Абай даңғылы - Яссауи - Шаляпин көшесі - одан әрі маршрут бойынша;

Кері бағытта – Шаляпин - Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов көшесі - одан әрі маршрут бойынша;

№ 44 - батыс бағытта - Шаляпин – Яссауи - Жандосов - Рысқұлов - бұдан әрі схема бойынша;

Кері бағытта - Грозный - Жандосов - Яссауи - Шаляпин - бұдан әрі бағыт бойынша;

№ 50 - оңтүстік бағытта – Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов - бұдан әрі схема бойынша;

Кері бағытта - Әшімов - Абай даңғылы - Яссауи көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№110 - оңтүстік бағытта - Аспандияров көшесі - Абай даңғылы- Бауыржан Момышұлы көшесіне бұрылып, кері бағытта қозғалады.

Кері бағытта - Бауыржан Момышұлы - Абай даңғылы - Аспандияров көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№137 - шығыс бағытта - Әшімов көшесі - Абай даңғылы - Яссауи көшесі - Шаляпин көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

Кері бағытта - Шаляпин - Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов көшесі - бұдан әрі схема бойынша.