Алматыда ЖОО студенттері фестивалі қорытындыланды

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қазақстан, менеджмент және экономика институтында (ҚМЭБИ) «Алматыдағы жарнама мен PR» бірінші ЖОО студенттік фестивалінің соңғы жұмыс күні өтті,

Алматыда  ЖОО  студенттері   фестивалі   қорытындыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл іс-шарада Қазақстанның алдыңғы жеті көшбасшы жоғары оқу орындарының студенттері арасында конкурс жұмысы қорытындыланды. Осыған дейін «Қазақстандағы мобильдік 3G болашағы», «Сандық тепе-теңсіздікті төмендету жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытындағы мобильдік интернетті дамыту» және «Комсомольская правда» үшін жастардың ең үздік арнайы жобасы» тақырыптарында байқау жарияланып, соған сәйкес 25 студент өздерінің жұмыстарын тапсырған болатын. «Кар-Тел» ЖШС мен ҚМЭБИ университетінің журналистика және PR факультеті ұйымдастырған жобаның мақсаты - студенттердің жарнама шығармашылығы мен PR технология аумағындағы кәсіби шеберліктерін арттыру, Қазақстан жарнамасы мен PR-дың отандық дәстүрін қалыптастыру, Қазақстанда мобильдік және 3G технологияларын дамыту. Аталмыш байқау аясында мамандық жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Ертеңге дейін жалғасатын жәрмеңкеде студенттер PR, жарнама және маркетинг, журналистика салалары бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, түрлі компанияларға өздерінің кандидатураларын ұсына алады.