Алматыда ЖОО ұстаздары арасында спартакиада өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Апараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап. 

Алматыда ЖОО ұстаздары арасында спартакиада өтті



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жарыс спорттың төрт түрінен ұйымдастырылды.  100-ге жуық ұстаз  шағын футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тарту, шахмат және гір көтеру бойынша өзара мықтыны анықтады.  

Регламентке сәйкес, сайысқа қатысушы командалардың қатарында әйелдер және ерлер болуы тиіс.



Жалпыкомандалық есеп бойынша спартакиада жеңімпазы Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы атанды. «Күмісті» ҰҚК академиясының оқытушылары олжаласа, Нархоз университетінің командасы «қоламен» күптелді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, дипломдар мен кубоктарға ие болды. Сондай-ақ оларға кішігірім сыйлықтар табысталды.

Спартакиаданың басты мақсаты ЖОО оқытушыларының арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.