Алматыда ЖШС ғимаратының шатырынан құлап, жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Жетісу ауданындағы «Кедентранссервис» ЖШС-да жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ангардың шатырынан құлап кетіп, 40 жастағы жұмысшы мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Алматыда ЖШС ғимаратының шатырынан құлап, жұмысшы мерт болды

Қайғылы оқиға 24 қазан күні таңертең болды.