Алматыда жүгіруден «Күзгі жарыс» шарасы өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ботаникалық саябақта жүгіруден «Күзгі жарыс» спорттық шарасы өтті. Қатысушылар саяжолдармен, қылқан жапырақты ағаштардың арасымен, асфальт жолдармен және тіпті тас жолдармен жүгірді. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне «Алматы Марафон» ұйымының PR-менеджері Арина Пирогова мәлімдеді.
None
None

Бұл жолы жарыс жолына 200-ге жуық адам шықты. Жарыс сүйер қауым төрт жас мөлшері бойынша бақтарын сынады. Он жастан он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер 2 шақырымға жүгірсе, ересектер 10 шақырымға жуық жолды басып өтті. Жүлделі орындарға қол жеткізгендер демеушілер тарапынан құрмет грамоталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Аралық жүгірісті біз бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Енді бұдан кейін мұндай жарыстарды үш ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Аталмыш спорттық шаралар Алматы Марафонына даярлықтың маңызды кезеңдеріне айналады деген үміттемін» - «Алматы Марафоны» ұйымдастырушы комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева.

Оның айтуынша, «Алматы Марафоны» ұйымдастырушы комитетінің өткізетін барлық шараларының мақсаты бір - салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Соңғы жаңалықтар