Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады

Жүк көлігі Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында тоқтаған.

Жол оқиғасының видеосы Instagram желісінде жарияланды. 

Собрал несколько машин, Сатпаева/Назарбаева возле Акимата) водитель отказывается выходить... подробности уточняются...

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Куәгерлердің айтуынша, фура жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен.

Қиылысқа жете бергенде ол тұрақта тұрған жеңіл көлікті артқы тұсынан соғып тоқтайды. Ал, жеңіл көлік өз кезегінде басқа да көліктерге барып соқтығысқан.

Абырой болғанда көліктердің ішінде ешкім болмаған.

nullnull nullnull