Алматыда жүк көлігі көпір астында тіреліп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Контейнер артып алған жүк көлігі көпір астына тіреліп тұрып қалып, салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Алматыда жүк көлігі көпір астында тіреліп қалды

Оқиға Рысқұлов даңғылы мен Ниязбеков көшелерінің қиылысында болған. Платформасына қосымша контейнер жегіп алған жүк көлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта бара жатқан.

Көлік иесінің айтуынша, жүк көлігінің көпір астына сыймай қалуы мүмкін екенін пайымдамаған. Сондықтан ол жылдамдығын төмендетпей жүре берген. Нәтижеде жүк көлігі аударылып, Lexus маркалы көліктің капотын зақымдаған.

Жол апатынан жарақат алған азамат жоқ. Десе де, Рысқұлов бойымен шығыс бағытқа қарай бірнеше шақырымдық кептеліс орнады.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс жасап жатыр.

Авторы: Жолдас Өрісбаев